Меркіде мерейлі бастамалар жетерлік
Жақында Меркі ауданына іс-сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Раззақ Нәзилә Раззақбайқызы келіп, аудандағы бірқатар нысандарды аралады.
Алдымен, Нәзилә Раззақбайқызы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ел игілігіне жаңадан ұсынылған Спорт кешенінде болып, қос қабатты кешеннің қазіргі заман үлгісіне, талапқа сәйкес жасалғанын айтып, алдағы уақытта ауданнан әлем чемпиондары шығуына тілектестік білдірді.
Сонымен қатар, Берік Егембердиев басқаратын «Береке Даст» шаруа қожалығында болды.
Онда 20 гектар аумақта интенсивті алма бағы өсірілуде.«Біздің алма халық арасында аса сұранысқа ие. Мұнда алманың «Голден Делишес» және «Айдаред», «Золотой Стандарт, «Ред Делишес» сорттары өсіріледі. Қазіргі уақытта 6 адам жұмыс жасайды, ал науқан уақытында 15-ке жуық азамат жұмыс жасайды»дейді шаруашылық басшысы.
Келесі, жеке кәсіпкер Рузиев Азиз форель балығын өсірумен айналысатын шаруашылыққа барды.
Биыл маусым айында 5000 мың дана балық алып келіп, жіберілген.
Азиз Рузиев «Тамыз айының аяғында балықтар сатылымға шығады, бағасы 3500 тг болады. Алдағы уақытта кеңейтсек деген жоспар бар» — деді ол өз сөзінде.
Келесі кезекте Нәзилә Раззақбайқызы аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Оңалту орталығында болды. Орталықта 8-18 жас аралығындағы ерекше күтімді қажет ететін балалардың жетілуіне барлық жағдай жасалған. Мәртебелі қонақ орталықтағы логопед, психолог, массаж, терапия, ЛФК кабинеттерінің жұмысымен танысты. Орталық басшысы Клара Балтабайқызы Ракаева алдағы уақытта аулада иппотерапия жұмысының жобасымен таныстырды.
Келесі кезекте, Сармолдаев ауылдық округіне қарасты О.Қарбозов көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын көріп қайтты. Бұл көше Т.Рысқұлов көшесінен темір жол өткеліне дейін ұзындығы 1.85 шақырым, ені 6 метрді құрайды.
Нысан басында жүрген шебер, барлық өндірістік технологияның талапқа сәйкестігін баяндады.
Сондай-ақ, жұмыс сапары Сұрат ауылында жалғасты. Мұнда жеке кәсіпкер Қарақат Сатымбаеваның жылыжай шаруашылығының және шырын цехының жұмысын көрді. Онда «Сұрат шай» шырыны өндіріліп, ішкі нарықта бір бөтелкенің бағасы 190 теңгеден, ал бір банкасы 230 теңгеден саудаға шығуда. Мемлекеттен төмен пайызды несие арқылы пилоттық жобамен кәсібін айтулы кәсіпкерге Нәзилә Раззақбайқызы сәттілік тіледі.
Альбина Советхан, Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Еркін Жасыбаев, Суреттерді түсірген