Атымтай жомарттар арамызда

0
532

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тұңғыш рет №9 Меркі колледжінде «Жомарт түлек» жобасы аясында түлектердің кездесуі өтті. Елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кездесуге Меркі ауданының құрметті азаматы, Меркі аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбарбек, 1985-1988 жылдар аралығында Орта кәсіптік техникалық училищесінің басшысы қызметін атқарған Олжабаев Тұрсыналы Досекеұлы, 2004-2007 жылдар аралығында «№9 Кәсіптік мектеп», 2007-2012 жылдар аралығында «№9 Кәсіптік лицей» директоры қызметін атқарған Жантаев Ринат Құдайбергенұлы және бүгін туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген кәсіптік білім ошағынан түлеп ұшқан, қазіргі таңда білікті маман иелері, білім, өнер, спорт, мәдениет саласының қайраткерлері және жалынды жастарымыз Азамат Исакулов, колледж түлегі 2015 жылғы, қазіргі таңда Ақтау қаласы, №2 мектепте дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, Маңғыстау аренада бас бапкер, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері Төлеген Ташметов, 1984 ж. колледж түлегі, қазіргі таңда №9 Меркі колледжінде директордың оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Серік Нұртаев, 1980 жылғы колледж түлегі, бүгінгі таңда №9 Меркі колледжінің аға шебері Ғалия Мадиева, 1982ж колледж түлегі, қазіргі таңда №9 Меркі колледжінде арнайы пән оқытушысы Бахтияр Тырнақбаев, 2005 жылғы колледж түлегі, қазіргі таңда №9 Меркі колледжінде токарлық іс және металл өңдеу мамандығының өндірістік оқыту шебері, 2011 жылғы колледж түлегі, қазіргі таңда колледждің әлеуметтік серіктесі, «Абдекеев Ы.Ғ» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Аманжол Әділет Бағдатұлы, Аблайхан Молдабеков Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, Жарқынай Рахымбаева Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Азияның 4 дүркін чемпионы және Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы, Алуа Бакаева 2018 жылғы колледж түлегі, Облыс чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы, Әлем кубогының иегері, Олжас Мәркім 2018 жылғы колледждің ферма шаруашылығы мамандығы түлегі, Қазақстан Республикасы «WorldSkills Kazakstan-2018» ұлттық чемпионатының «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету» байқауының 3 орын жүлдегері, қазіргі таңда жеке кәсіпкер, өз ісінің шебері, аудандағы жеңіл автомобиль көлігіне қызмет көрсету орталығының басшысы кездесуге қатысты. Кездесуге келген түлектерге студенттер көкейкесті сұрақтарын қойып, ізгі, арман-тілектерін жолдады. «Жомарт түлек-2021» жобасына белсене қатысқан түлектерді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенованың алғыс хатымен марапаттап, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттерінің аудан нарығына шығаратын нан өнімдерінен дайындалған «Нан себеті» қонақтарға ұсынылды.
Қонақтар №9 Меркі колледжінің көркем өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады. «Замандас» әжелер тобының «Туған жер» әні шырқалып, «Сыған серенадасы» қойылымы көрсетілді.

С.Н. Даулетиярова,
№9 Меркі колледжінің өндірістік оқыту шебері

Comments are closed.