Нитраттар

0
1086

Нитраттар (грек, nitron- сода, селитра) –өнеркәсіпте, әсіресе ауыл шаруашылығында көп қолданылатын азот қышқылының тұздары. Аммоний нитраты, сілтілік және сілтілік жер металдарының нитраттары селитра деп аталады.
Белгілі бір мөлшерден артық пайдаланғанда нитраттар тамақ өнімдерінде жиналады да, адамды уландырады.
Қазіргі уақытта бақша өнімдері арасындағы қауын қарбыздан улану фактілері жиі кездеседі. Қарбыздар саудаға маусым айынан бастап түсуде. Бірақ тұрғындар бұл кездегі қарбыздың көпшілігі қауіпті екендігін есінде сақтағаны жөн. Өйткені ерте піскен қарбыз құрамында нитрат мөлшері шамадан тыс болады. Нитратсыз бұл дақылдардың өсуі қиындау. Талап бойынша нитраттың негізгі жарамды көрсеткіші қауында -90 мг/кг, қарбызда 60 мг/кг болуы керек. Ал артық нитраттар бауыр, бүйрек ауруына, асқазанның қатерлі ісігіне, жүйке және жүрек-қан тамыр ауруларына алып келетін, имунитеттің төмендеуіне негіз болады. Көкөніс, жеміс – жидек пен бақшалық өнімдері арнайы сауда орындарында сатылуы тиіс, сонымен қатар сатып алу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, құрамындағы нитраттардың деңгейін анықтайтын ілеспе құжаттар сұраған жөн.

Н.Д.Пайызова,
«Ұлттық сараптама орталығ» Меркі аудандық бөлімшесі сан-гиг. зертханасының маманы

Comments are closed.