САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер күніне орай аудан әкімі Ербол Жиенқұлов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымын арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
⠀
Қабылдау барысында аудан әкімі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халық денсаулығын қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтіп, сала мамандарына жауапты еңбектері үшін алғыс білдірді.
⠀
Содан соң, Ербол Жиенқұлов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ділдаш Кудароваға “Меркі ауданына сіңірген еңбегі үшін” белгісін табыстап, бірқатар қызметкерді Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.
⠀
Аудан әкімі сала мамандарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен абырой тілеп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жолындағы жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі.

















