Жемқорлықсыз қоғамға қадам

0
489

Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерде тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Жергілікті полиция қызметкерлері, мектеп психологтарының қатысуымен жалпы 13 іс-шара өткізіліп 250- ден астам жастар қамтылды. Атап айтсақ: ағымдағы жылдың наурыз айының 26 жұлдызында «Жемқорлық ұлтымызға жат қасиет» тақырыбында № 9 Меркі колледжінің білімгерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Жастар ресурстық орталығының» инспектор-заңгері Канаева Раушан Алмазқызы аталған тақырып бойынша жастарға сыбайлас жемқорлық ұғымы және сыбайлас жемқорлықтың түрлері туралы айтып, сауалнама алды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы және де Қазақстан Республикасының «Адалдық алаңы» жобасы туралы толық ақпарат берді.
Жаңатоған, Сарымолдаев, Ақермен, Жамбыл, Ақтоған, Ойтал ауылдық округтерінде «Жемқорлықсыз қоғамға қадам», «Жасөспірімдер ересектермен бірдей жауапқа тартылуы керек пе?», «Құқықтық тәрбие негізгі—отбасынан басталады», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында жастармен кездесулер өткізілді.
Бұл іс-шаралардың мақсаты: жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Жансұлтан Ұлықбекұлы,
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

Comments are closed.