Бала — ұлт болашағы
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
– Олай болса, уысыңнан шығарма.
Ұл мен қызын шолжаңдатса бетімен,
Тартар күйік, ет кескендей етінен.
Жүсіп Баласағұн
Дана қазақ ұрпаққа тәрбие беру жолында еш аянып қалған емес «Тәрбие» сөзі араб тілінен аударғанда, «көктету, өсіру, жетілдіру» деген ұғымды береді. Яғни, сәбидің болашағы осы алған тәрбиесіне тікелей қатысты . Бала мен ананы зиянды күштерден, жаман адамдардан, жын-шайтаннан қорғауды және сәбидің дені сау болып өсуі мен дамуы үшін жағдай жасауды мақсат тұтатын салт-дәстүрлерге үлкен мән берілді. Қазақтар баланы тәрбиелеуге олар 5-6 жасқа толғанда ғана шындап кіріскен. Бұл балаларды кішкентайынан біртіндеп шамалары келетін үй жұмыстарына тартудан көрінген. Ұл балалар үйдегі еркектерге мал қарауға көмектессе, қыз балалар тамақ әзірлеу, кір жуу, үй жинау, анасына кішкентай сіңлілері мен інілерін бағуға көмектескен.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп,ұлдарын «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құлағына құйып отырған.Әсіресе, «Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла, алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса, балаңыз он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас» деген. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз.
Біздің кезімізде үйдегі ата-анамыз тәрбиеге көп көңіл бөлді. Біздерді бір кісі емес, ауыл, ел, жұрт және ұстаздарымыз бірлесе отырып тәрбиеледі. Сол кезде мұғалімнің сөзі аса құнды болған. Ұғатын бала дереу өзі түсінетін.
Біз ата –әженің қамқорында өскен бала болғандықтан, үлкендердің батасымен өскен балалармыз. Бізді атамыз-Е,Данышпандар- ай, бұлар данышпан» деп, ұрсып отыратын. Демек,қазақ баласына ұрсудың өзіндік жолдарын көрсетіп кеткен ғой. Қазіргі ұрпағымызды қалай ұрсып,тәрбилеуіміз өзіміздің қолымызда. Сіз,балаңызға қалай ұрсасыз?
Индира Жақсымбетова,
Жауғаш батыр ауылының тумасы,
Трубицын атындағы орта мектебінің түлегі