БАЛА – ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛҒАН ТҰЛҒА
Қазақстан Республикасында халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде 2021 жылдың 30 мамыры мен 15 маусым аралығында «Бала – заңмен қорғалған тұлға» бүкіл қазақстандық акция өткізілу үстінде. Аталған акцияның мақсаты бала құқықтарын қорғау, насихаттау, олардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Елбасымыз Қазақстанның әрбір баласының құқықтарын қамтамасыз ету міндетін алға қойып отыр. «Қазақстан — 2050» Стратегиясында әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі балалық құқықты қорғау, балалық шағын бақытты өткізу болып жарияланғаны бәрімізге белгілі. Балалар — біз өмір сүріп отырған қоғамымыздың әлсіз бөлігі болып табылады. Сондықтан олар әрқашан да үлкендер тарапынан қолдау күтеді және де олардың құқықтары қорғалуы тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгендей: бала дем алуға және бос уақытын пайдалы өткізуге құқылы. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын ұйымдар, лагерьлер, санаторийлерді құрайды және оларды қолдап отырады. Лагерьдің де өз ерекшелігі бар. Мұнда сұлу табиғат пен жан дүние үндестік тауып, баланың дүниетанымы кеңейеді, көзқарасы қалыптасып, қызықты оқиғаларды басынан кешіреді, өз бетінше еңбектенуді, адамдармен сыйласуды, тіл табысуды үйренеді, өздеріне жаңа достар табады.
Қазіргі қоғамымызда белең алып бара жатқан үлкен дерт — педофильдік және бала еңбегін қанау, адам саудасы мәселесі бүгінгі күн тәртібінен түспей тұрған әлемдік құбылысқа айналып отыр. Осындай азғындықтың адам санасына кірмейтін неше түрін жаңалықтардан, интернет сайттарынан, тіпті, ауыл арасынан естіп төбе шашымыз тік тұрып жатады. Дегенмен мұндай қылмыстың алдын алу шаралары, түсіндірме жұмыстардың жүргізілуі қажетті дүние болып табылады.
Аталған науқан аясында №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп басшысы Е. Сейдалиев бастаған ұжым аталған акцияға үлкен жауапкершілікпен қарауда. Мектебімізде ДТЖО П. Батырбекова және кітапханашылардың ұйымдастыруымен бала еңбегін ұйымдастыру мәселесі жөнінде әдістемелік, нормативтік, құқықтық әдебиеттерінің көрмесі өтті. Мектеп психологтары-
М. Рамаданова адам саудасы, балаларды жыныстық қатынастарға итермелеу, баланы еңбек қанауына тарту әрекеттерінің алдын алу жұмыстары бойынша оқушылар, ата-аналар және педагогика қауымдастығы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, сау-
алнамалар алды. Сынып жетекшілері бақытты балалық шақты насихаттайтын позитивті «Үміт» бейнеролигінің көрсетілімін ұдайы жүргізуде. Акция барысында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Жасөспірім», «Көше» деген атпен кең ауқымда АӘД пәні және дене шынықтыру пәні мұғалімдері рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд кезінде мектепке қарасты аймақта жанармай бекеттерінде немесе кафелерде жұмыс істейтін балалар анықталған жоқ. Лагерь жетекшісі А Шабикова. «Бала еңбегін қанау тоқтатылсын!» тақырыбында флешмобтар мен балалар арасында дебат-турнирлер ұйымдастырды. Бұл жерде балалар би билеп, ән-жырлар айтып шаттыққа бөленді. Сонымен бірге, өмірде қиын жағдайға тап болған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы балаларына да көңіл бөлініп, көмек қолы созылды.
Қорыта айтқанда, барлық бала бақытты болуға жаралған, бала – адам өмі-рінің жалғасы. Бізге қойылған басты міндет — балаларды Отансүйгіштікке, елінің, жерінің, ауылының жетістіктерін мақтан етуге, соған үлес қосуға тәрбиелеу.
Э.Сұраубаева,
№22 ЖББМ-нің бастауыш сынап мұғалімі