Дөңгелек үстел болып өтті

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрақбаев Ринат Даниярұлы таяуда Меркі ауданында болып, аудандық білім бөлімінің мекеме басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және аудандық «Берекелі шаңырақ» ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесіп, дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев қатысты. Облыстағы бірқатар консультативтік-кеңесші органдардың және өзекті мәселелер бойынша жұмысшы топтардың мүшесі Р. Нұрақбаев өз сөзінде облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен, отбасының қоғамдағы рөлі, баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындау, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде тәрбиелеу туралы кеңінен тоқталды. Меркі ауданына арнайы келіп, ата-аналар қоғамдық кеңесінің жыл бойы атқарған жұмысымен жақынырақ танысуды жөн көргенін айтты. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Әсем Әділбайқызы қоғамдық кеңестің жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Жарыссөзге аудандық білім бөлімінің әдіскері, Раптаева Сәуле Мұратбекқызы, №9; №1; №44 мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. Айтбаева, Г.Даулетова, Н.Анисовалар өз ата-аналарымен атқарған жетістіктерге толы жұмыстары жайлы айтып берді. Әңгіме соңында Р.Нұрақбаев «Инабатты ару» байқауы және «Әкелермен өткен бір күн», «Әкелер қонақта» сияқты жобаларды іске асыру ұсынысын айтты. С.Раптаева облыстың басқа аудандарының қоғамдық кеңестерінің жұмыстарымен танысу, әрі әріптестеріміздің іс-тәжірибесінен практикаға енгізу мақсатында облыстық ата-аналар кеңесінің форумын Меркіде өткізуді ұсынды.
Ә. БОРАНҚҰЛОВА,
Меркі ауданы, «Аналар мектебінің» төрайымы