Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Меркі ауданының «Мәдениет үйі” алдындағы алаңда
2021 жылдың 10 маусым күні «Бос жұмыс орындары « жәрмеңкесі өкізілді.
Жәрмеңкенің негізгі міндеттері – азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық ақылы жұмысқа тарту, қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша ақпараттар ұсыну. Сонымен қатар ЖШС «Айсулу», №9 Меркі колледжі өздерінің қол өнерімен жасаған бұйымдарын жәрмеңке көрмесіне ұсынып, биылғы жылғы бітіруші колледж студенттері өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Жәрмеңке барысында 95-ке жуық адам қатысып, 75-тен аса бос жұмыс орындары ұсынылды. Қатысқан азаматтардың ішінде Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдері өздерінде бар бос жұмыс орындарымен таныстырып өтті. Нақтырақ тоқтала кететін болсақ: Жылыбұлақ ЖШС – шопан – 2, инженер – 1, комбайнер – 1, тракторист – 1; “Дәмді себет” супермаркеті күзетші – 1, жүктасушы – 2, кассир – 2, көкөніс сатушы -1, наубайханашы – 1; “Балалар мен жас өспірімдер №20 спорт мектебі жұмысшы -2, жаттықтырушы – 2; «Меркі аудандық орталық аурханасы екі дәрігер, “Орман шаруашылығы” – орманшы – 2, инженер – 1, тракторист – 1, қорықшы – 2; “М Строй инвест компаний» (Кірпіш заводы) – 25 жұмысшы; “Синь-синь” ЖШС – ав-
тогрейдер машинисті – 3; экскаватор машинисті – 3; жүктеуші машинисті – 4; машинист катка – 4; авто жүргізуші – 14; жол жөндеу жұмысшы – 3; әр түрлі жұмысшы – 2; асфальтобетонщиктер 3-разряд – 2; “АЯН и ЛБ” жұмысшы – 10; “Жастар орталығы” – теолог; “Меркі ірімшік зауыты” – биотехнолог – 1; тракторист-1; “KMF” – 1 кассир, 48 орта мектеп –бағбаншы, №18 спорт мектебі-жұмысшы, «Балдәурен» бала бақшасы-тәрбиеші, Орталық мәдениет үйі-режиссер, №12 орта мектебі-медбике, және т.б. Осы ұсынылған бос жұмыстар бойынша жәрмеңке барысында 65 – ке жуық азамат жұмыспен қамтамасыз етіліп, жұмысқа жолдама алды. Нақтырақ тоқтала кететін болсақ: «Жасыл – ел» бағдарламасы арқылы – 36 жас көгалдандыруға, №48 орта мектебіне – 1 бағбаншы, Балалармен жасөспірімдер №18 спорт мектебіне – 1 жұмысшы, Аудан мәслихаты аппаратына – 1 іс – жүргізуші, «Балдәурен» бала бақшасына – 1 тәрбиеші; ветеринарлық бөлімге-1;қазынашылық бөлім-1; орталық мәдениет үйі – 1 режиссер; №12 орта мектебіне – 1 медбике; Жастар тәжірибесіне – 7 адам, Әлеуметтік жұмыс орындарына – 4 адам, Қоғамдық жұмысқа – 5 адам қабылданды.
Е.Дүйсебаев,
Меркі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-нің директоры