Меркі ауданы әкімі Ойтал ауылдық округі тұрғындары алдында есеп берді

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанайларында жалпы өндірілген өнім көлемі 32753,5 млн.теңгеге жетіп, нақты физикалық индекс көлемі 106% құрады. (2019 жылы 29036,2 млн.теңге).
2020 жылдың егін ору науқанына 52721,1 га алқап түсіп, 99130,3 тн астық бастырылып, орташа гектар қайтарымы 18,8 цн құрады. Атап айтқанда 24974,8 га күздік бидайдан 49497 тн өнім жиналып, орташа га қайтарымы 19,82 цн, 27746,3 га жаздық арпадан 49633,3 тн өнім жиналып, орташа га қайтарымы 17,89 цн құрады.
Аудан бойынша 2020 жылы 55,7 мың тн қант қызылшасы аудандағы қант зауытына өткізіліп өткен жылмен салыстырғанда 5,1 мың тоннаға артық жиналды. Озық шаруашылықтар қант қызылшасының жекелеген алқаптарынан 1000 центнерге дейін өнім жинады. Мұндай жақсы көрсеткішке жетудің басты себебі облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолдауымен шаруалардың жаңа буынды, жоғары репродукциялы тұқыммен қамтамасыз етіліп, (тұқым ақысы күзде қайтарытарылады) алынған тұқымның мемлекет тарапынан субсидиялануы шаруаларға көп көмегін тигізді. 2020 жылы «Меркі қант зауыты» ЖШС тарапынан шаруаларға қарызы толық төленіп берілді.
2020 жылы 3180 га алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып, 4284 гектарға енгізілді, жоспар 134% артығымен орындалды.(2019 жылы 2374 га, 106%)
Мал қыстату науқанына 149,8 мың тоннақажетті азық қоры толық дайындалды.
2020 жылы 2704 тн минералдық тыңайтқыш алынып, 21421 га жерге енгізіліп, жоспар 103% артығымен орындалды.(2019 жылы 1874 тн, 18792 га)
2020 жылы 120 дана жаңа техника сатып алынып, жаңару көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 10,2% артты.(2019 жылы 97 дана)
2020 жылы Үкімет тарапынан кепілдендірілген бағамен берілетін 1230 тн жанар жағар май 211 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне егістік жер көлеміне сай электрондық форматта таратылып берілді.