Пилоттық жоба табысты іске асты

Аудан әкімі Мейірхан Өмірбек Ақарал ауылдық округінде есепті жиналыс өткізді.
Онда Меркі ауданы Сұрат ауылдық округінде іске асырылған пилоттық жоба туралы кеңінен сөз қозғалды.
Жалпы Сұрат ауылдық округі бойынша 519 млн. 542мың теңгеге 181 несие берілді, оның ішінде 494 млн. 252 мың теңге 3786 бас мал сатып алуға, 15 млн. 700 мың теңге 2 жылыжай құрылысын жүргізуге, 9 млн. 590 мың теңгеге шырын өндіру цехын ашуға. Сонымен қатар, 24 млн. 300 мың теңге АШК-не айналым қаражатына, 97 млн. 275 мың теңге 22 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға беріліп, тиімді жұмыс ұйывмдастырылды.
Каналдар мен ұңғымалар бойынша:Ағын су мәселесін шешу мақсатында ауданда 4 су қоймасын салу үшін құрылысын жүргізуге аудан әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №486 қаулысы шығып, жері облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына берілді. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан күтілуде.
«Қазсушар» РМК ЖФ Меркі ӨБ теңгеріміндегі 40 дана каналғаЕвразиялық даму банкінің бағдарламасы аясында 2998,0 млн. теңге бөлініп, 2020-2022 жылдар аралығында қайта қалпына келтіру (реконструкция) жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 225,55 км. Оның ішінде жер арық 86,4 км, темір бетон қапталғаны 139,15 км.
Жер саласы бойынша2020 жылы электронды форматта2 аукционұйымдастырылып,жалпы ауданы 1,6081 га құрайтын 12 жер телімі28,2 млн.теңгеге сатылды.
Ауыл шарушылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға қосу бойынша2020 жылы 2 конкурс ұйымдастырылып, жалпы ауданы 2552,0 га, (оның ішінде егістік 1743,0 га, жайылым 809 га)құрайтын 93 жер телімдері қайта айналымға енгізілді.(2019 жылы жалпы ауданы 2640,0 га, оның ішінде егістік 1831,0 га, жайылым 808,6 га жалпы саны 81 жер).
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы 5420,0 га, 31 жер учаскесі игерілмегендігі анықталған.Жүргізілген шаралар нәтижесінде бүгінгі күнге жалпы ауданы 3910 га игерілмеген жер телімдеріне қатысты ӘҚБКо 338 бабына сәйкес шаралар қолданылған. Қалған жер телімдеріне шара қолдану барысында ескерту жұмыстары жүргізіліп, жер учаскелерін қайта игерген.
2020 жылы ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша егіншілікке жарамды 90,86 га жайылым тәлімді егістікке,4,85 гажайылымсуармалы егістікке және97,37 га тәлімді егістіксуармалы егістікке ауыстырылды.
Мемлекеттік жер қорына қайтарылған жер телімдері: 2020 жылы жалпы ауданы 2600 га құрайтын 25 жер телімі(700 га егістік, 1900 га жайылым) мемлекеттік жер қорына қайтарылған. (2019 жылы 984,8 га құрайтын 31 жер телімі мемлекетке қайтарылған).
Ветеринария саласына бөлінген 163,3 млн.теңге қаржы 100%-ға игеріліп, барлық ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық тексерулер өз деңгейінде жүргізілді. 2020 жылы 4 ауылдық округ ветеринариялық пунктпен, 10 ауылдық округ ауыл шаруашылығы жануарларына егу-емдеу жұмыстарын жүргізуге арналған алаңдармен (раскол) қамтамасыз етілсе, 2021 жылы тағы 4 (Ақтоған, Ойтал, Кеңес, Тәтті) ауылдық округ егу-емдеу жұмыстарын жүргізуге арналған алаңдармен қамтамасыз етілетін болады.