Туризм саласына 880. млн қаражат тартылды

Аудан әкімі Мейірхан Өмірбек Ақарал ауылдық округі тұғындары алдындағы есебінде туризм саласының дамуына баса назар аударылып жатқаны туралы айтты.
Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып табылады. Меркі ауданында 6 қонақ үй (сыйымдылығы 164 төсек орын), «Тұран» атты демалыс аймағы (сыйымдылығы 31 төсек орын)жұмыс атқаруда. Радонды сумен емдеуге арналған «Меркі радон» шипажайы(сыйымдылығы 430 төсек орын) және «Мейірім Меркі» (сыйымдылығы 100 төсек орын)сауықтыру орталығы аудан тұрғындары мен еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер мен қонақтарға қызмет көрсетуде.
Меркі ауданында туризм бағытында жаңадан ашылатын инвестициялық жобалар:
1. 2020 жылыжеке кәсіпкер С.Садыров Меркі тау шатқалында жобалық құны 350 млн. теңгені құрайтын демалыс аймағының құрылысын бастады. Ағашбөренелерден 2 монша, 3 коттедж және бассейн құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жоба іске асқан уақытта демалыс аймағында 15 жаңа жұмыс орындары ашылады.
2. 2020 жылы «Автогаз Трэйд» ЖШС-гі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойында орналасқан «Анипа» жол бойындағы сервистік кешенінің маңынан жобалық құны 500 млн. теңгені құрайтын «GAZENERGY» жанар-жағармай құю станциясының құрылысын бастап, 2021 жылы ІІ жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Бұл нысан Ұлттық стандарттың «D» категориясына (ЖҚС, азық-түлік дүкені, жылы әжетхана (теплый туалет, сан.узлы) кіреді деп жоспарлануда.
3. 2020 жылы жеке кәсіпкер Душабаев Тургынбай «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю станциясының маңынан жобалық құны 30 млн. теңгені құрайтын жол сервистік нысан құрылысын бастап, 2021 жылдың І жартыжылдығына дейін аяқтайды деп жоспарлануда. Бұл нысан Ұлттық стандарттың «С» категориясына (автотұрақ, асхана, азық-түлік дүкені, жылы әжетхана (теплый туалет, сан.узлы)кіреді деп жоспарлануда.
Жалпы Меркі ауданы бойынша 880 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылып, ауданымыздың туристік потенциалын жоғарылататын болады.