Кезектен тыс конференция өтті

0
1125

   Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалының  кезектен тыс ХХVIII конференциясы болып өтті.

   Конференция призидиумына «Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мейірхан Азатұлы Өмірбек төрағалық етіп,  

«Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII конференциясына барлығы 70 делегат сайланғанын айтып, конференцияны ашу жөніндегі кімде қандай ұсыныстар бар екенін дауысқа салып, Партия аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII конференциясын ашық деп жариялады.                  ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Конференцияда «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Тлеубердиева Гулжан Ержанқызы қатысып отырғанын айтып,  конференцияның короновирус пандемиясы салдарынан «Nur Otan» партиясының арнайы нұсқаулығы талаптарына сәйкес және барлық эпидемиалогиялық-санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі ұйымдастырылғанын айтты. Осыған орай осы конференцияда уақытша куәлік енгізілмей уақыт үнемдеу мақсатында дауыс беру конференция делегатының мандаты бойынша берілетінін жеткізді.

Конференция күн тәртібіне төрт мәселе ұсынды:

  1. «Nur Otan» партиясының Меркі ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасынын бекіту туралы;
  2. Жамбыл облыстық мәслихатына жария пікірсайыс қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру туралы;
  3. «Nur Otan» партиясынан Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту туралы;
  4. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясына делегаттарды сайлау туралы.

   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Сайлауалды бағдарламасын бекіту, екінші мәселе бойынша яғни Жамбыл облыстық мәслихатына үміткер кандидаттар арасындағы жария пікірталасты бастатып, үшінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясынан Меркі аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту мәселелері туралы хабарлама жасалды.

   2020 жылғы 26 наурыздағы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің №001 Қаулысымен бекітілген «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу» ережесіне сәйкес, партиялық тізімдер кем дегенде 30% әйелдерден, 20%  35 жасқа дейінгі жастардан және партия филиалы төрағасымен айқындалатын мәслихаттардағы мандат санының 30% өңірлік партия квотасынан құралады.

Конференцияда бекітуге ұсынылып отырылған тізім жобасында аталған талаптар жоғарғы рейтингтік көрсеткішке қол жеткізген кандидаттар анықталды. Соған сәйкес аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім жобасына еніп отырған кандидаттармен  таныстырылды

   Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясына облыстық филиалының берген өкілдік нормаға сәйкес партияның Меркі аудандық филиалынан 9 делегат сайланды.

Алмаз Жаманқұлов.

Еркін Жасыбаев (суреттер)

Меркі ақиқат. 

Comments are closed.