Аудан әкімі есеп берді

0
252

Меркі ауданы әкімі Мейірхан Өмірбек халық алдында жылды қорытындылап есеп беруде.

Меркі ауданында Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, кәсіпкерлікті қолдау картасына 2020 жылы ауданнан 2 жоба ұсынылды. Атап айтқанда:
1) Жобалық құны 275,0 млн. теңгені құрайтын сүт цехының құрылысы. Жоба бойынша 16 жаңа жұмыс орындары ашылады (іске асырылу мерзімі 2021 жылдың І жартыжылдығы).
2) Жобалық құны 250,0 млн. теңгені құрайтын Андас батыр ауылдық округіне қарасты инновациялық балық шаруашылығы жобасы. Жоба бойынша 5 жаңа жұмыс орындары ашылады. (іске асырылу мерзімі 2021 жылдың ІІ жартыжылдығы).
2020 жылы аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны 4860.
2020 жылы«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының субсидиялау тетігі бойынша жалпы құны 181,0 млн. теңгені құрайтын 6 жоба, кепілдендіру тетігі бойынша 89,4 млн. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылды. Бағдарламаның инфрақұрылым жүргізу тетігі бойынша жобалық құны 117,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 2 жобаға 4,5 млн. теңге мемлекеттік грант берілді.
2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 241,7 млн. теңгені құрайтын 12 жобаға қолдау көрсетілді.
Аудан көлемінде жұмыс атқарып отырған «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы және «Меркі несие серіктестігі» ЖШС тарапынан 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы соммасы 5 млрд.706,3 млн. теңгені құрайтын 5585 несие берілген.

Comments are closed.