Аудан әкімі Ақтоған, Жамбыл ауылында есеп берді

0
235

Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбек Ақтоған және Жамбыл ауылдық округтері тұрғындары алдында «2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» есебін берді.

2020 жыл әрбір отбасы үшін де, қазақ елі үшін де, күллі әлем үшін де жеңілге соққан жоқ. Дегенмен Меркі ауданы бойынша барлық сала бойынша көрсеткіш жоғары деңгейді көрсеткен.
Есепті кездесу барысында Ақтоған ауылдық округінің әкімі Тұрар Дулатбаев ауылдық округте атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, ағымдағы жылғы жоспарларымен таныстырды. Бұдан соң аудан әкімі Мейірхан Азатұлы сөз алып, аудан аумағында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Меркі ауданында Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 млрд 237 млн теңгеге орындалып, 100 пайызға орындалса, ауылшаруашылығы саласы 106,4 пайызға орындалған. Аудан бойынша 2020 жылы 55,7 мың тн қант қызылшасы аудандағы қант зауытына өткізіліп өткен жылмен салыстырғанда 5,1 мың тоннаға артық жиналған. Озық шаруашылықтар қант қызылшасының жекелеген алқаптарынан 1000 центнерге дейін өнім жинады. Мұндай жақсы көрсеткішке жетудің басты себебі облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолдауымен шаруалардың жаңа буынды, жоғары репродукциялы тұқыммен қамтамасыз етіліп, алынған тұқымның мемлекет тарапынан субсидиялануы шаруаларға көп көмегін тигізді.

Сонымен қатар ауданға мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 млрд. аса қаражат бөлініп, білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, №11,12,44,48 мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өтсе «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 25 мектептің әжетханалары ішке орналастырылды, №4 Тілеміс батыр атындағы мектеп шатыры, спорт залының шатыры және есік терезелері ауыстырылды №7 ЖББМ-нің асханасы жөнделіп, №35 ЖББМ-нің шатыры ауыстырылды.
Гранитогорск ауылынан 120 орындық жаңа мектеп салынып, қолданысқа берілді.
Ақтоған және жамбыл ауылдық округтерінде өткен есепті кездесулерде ауданның көрсеткіштері мен жеткен жетістіктері туралы баяндалған соң кезек сұрақ жауапқа ұласты.
Тұрғындар аудан әкімі өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Comments are closed.