Қоғамдық қабылдау жүруде

0
360

Меркі ауданында бүгін екінші күн қоғамдық қабылдау өтуде. Күні кеше Ақарал ауылдық округінде өтіп, Жаңатоған ауылдық окрігінде жалғасын тапты.
Бұл қоғамдық бақылауды өткізугеді мақсат: халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу, кеңестер беру, ақпараттандыру болып табылады.
Аудан әкімдігінің барлық бөлім, мекеме басшылары , құқық қорғау органдары басшылары мен «әЖасыл Меркі», Таза су», «ҚазтрансГазАймақ» ЖШС директорларының қатысуымен өткен кездесуде тұрғындар толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Ақарал ауылдық округінде өткен кездесуде 12 сұраққа жауап беріліп, 2 бақылауға алынды. Ал Жаңатоған ауылдық округінде 6 тұрғын қайырылып, мәселелері бойынша қанағаттанарлық жауаптар алды. Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындарының көтерген әртүрлі өзекті мәселелер талқыланды. Келесі жылы атқарылатын жұмыстар жобасы айтылды.
Кездесу барысында күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. Дәл мұндай қоғамдық қабылдаулар жалғасын тауып, басқа да ауылдық округтерде өткізілетін болады.
Ляззат Серікбай
Еркін Жасыбаев
Меркі ауданынан

Comments are closed.