Құрметті Меркі ауданының кәсіпкерлері!
14 тамыз күні InfoKazakhstan электронды платформасы іске қосылады! 20 шілдеден бастап 5 тамызға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, бас санитарлық дәрігер, мүдделі тараптар және бизнес-қоғамдастық, кәсіпкерлердің бірлесуімен бизнестің салалар бойынша жұмысын қайта бастау жөніндегі алгоритмдерді талқылау және консультациялар сериясы өтті.
«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік қызметті жаңарту жөніндегі алгоритмдерді іске асыру шеңберінде InfoKazakhstan электронды платформасын іске қосты.Аталған платформа – барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, бизнеске карантин режимінен кезең-кезеңмен шығуға көмектесетін цифрлық шешім. Осылайша эпидемиологиялық қатерлерді азайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жаңарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған құрал болмақ.
Платформаның қарапайым интерфейсі қысқа мерзімде 4 қадам арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуға мүмкіндік береді:
1 қадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, ұйымыңызды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, кәсібіңізге қойылған талаптармен танысыңыз. Бизнестің жекелеген түрлері жұмысын тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастай алады.
2 қадам. Нысанды талаптарға сай дайындап, жұмыс істеуге дайындығыңызды электронды өтінім беру арқылы растаңыз.
3 қадам. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізуін күтесіз.
4 қадам. Тексеру жүргізілген соң нәтиже оң болса, онда жеке кабинетте жұмысты қайта бастауға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін жүктеп алу қажет. Егер нәтижесі теріс болса, онда олқылықтарды реттеп, өтінімді қайта жіберіңіз.
Кәсіпкерлердің ыңғайына қарай және бизнестің локдауннан шығуының ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторларды алып тастау мақсатында InfoKazakhstan (https://infokazakhstan.kz/) электронды платформасын іске қостық. Платформа төтенше жағдай кезеңінде Алматы қаласында тиімді іске асқан infoalmaty.kz жобасы негізінде әзірленді. Бұл сайтты кәсіпкерлер қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат алу үшін қолданды.
Кәсіпкерлер бизнестің жұмыс істеуге дайындығы туралы өтінішті жүктеп, санитарлық нормалар мен талаптарды сақтайтындарына кепілдік береді. Талаптар орындалмайтын болса айыппұлдық санкциялар қолданылады. Сайтта қоғамдық бақылау функциясы жұмыс істейді. Кез келген азамат кәсіпорын тарапынан санитарлық нормалардың бұзылғаны жайында шағым түсіре алады. Ал жеке кабинет арқылы кәсіпкер өтініштің қаралу деңгейін бақылап, электроны өтініш, азаматтардан келіп түскен ұсынымдар мен шағымдарды қарай алады.
Сондай-ақ, https://infokazakhstan.kz/ сайтында әкімдіктер, санитарлық дәрігерлер, полиция, өңірлік палаталар және тұтынушылар лигасы өкілдерінен құралған тұрақты мониторингтік топ жұмыс істейтін болады. Ресурс қызметін бір мезгілде 150 000 тұтынушы пайдалана алады.
Барлық сұрақтарды бірыңғай байланыс-орталығына 1432 немесе Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Меркі ауданындағы филиалына 4-40-91 номеріне қоңырау шалып, сұрақтарыңызды қоюға болады.
Нұржан Шойбек,
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының
Меркі аудандағы
филиалының директоры