Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша

0
142

ҚР АШМ АӨК МИК Меркі ААИ Меркі ауданы бойынша әкелінген карантинге жатқызылған өнімді қайта карантиндік тексеру үшін оның межелі пункттерінде ұсынбау фактілері жиілеп кеткендігін хабарлайды.

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімімен бекітілген «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы» Ереженің ІІІ тармағының 3.2-тармақшасына сәйкес өнімнің меншік иесі карантинге жатқызылған өнімнің кез келген қолжетімді тәсілмен келгені туралы межелі мемлекеттің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге және межелі жерде карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді келген күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

Мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімді ұсынбау фактісі белгіленген жағдайда, өнімнің меншік иесі межелі мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400 бабына сәйкес сегіз азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Осыған байланысты, карантинге жатқызылған өнім түскен кезде, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында, өнімнің меншік иелерінен өнімді оның межелі пункттерінде қайталама карантиндік тексеру үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға дереу ұсынуды сұраймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге  фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда, ал Қазақстан Республикасының ішінде — карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттерi арқылы экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз: Меркі ауылы, Панфилов көшесі, № 6, тел.: 8 (72632) 4 – 50 – 37

Б. Жаксыбаев,

ҚР АШМ АӨК МИК Меркі аудандық аумақтық
 инспекциясының бас маман өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы                                                                                                                                       

Comments are closed.