БАСТЫ – МАҚСАТ САПАЛЫ ҚҰРЫЛЫС

0
1459

Жуырда  облыстық қоғамдық кеңестің  хатшысы Әмзебек Жолшыбеков  құрылыс нысандарының  жағдайын бақылау үшін арнайы ауданымызға келді. Алғашқы кездесуді аудан әкімдігінде жергілікті қоғамдық топ мүшелерімен, содан соң аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағаларымен кездесуден бастады. Кездесу барысында ортақ ой пікірлері сараланып, жалпы аудандағы 108  соғылатын нысандардың жағдайын ортаға салды.

Бұдан соң бақылаушы топ Ақермен ауылдық округіндегі №11 Әмеди Хасенов атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясындағы жоба құны 278 819,0 мың теңге. Мердігер компания  «Касуб-Тараз» ЖШС Директоры Аптиялиев Уркен Сайлауқұлұлының айтуынша мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын  мамыр айының 20 күні бастап, қыркүйектің жиырмасына дейін аяқтауды көздеуде. Құрылыс жұмыстарына 35 адам, оның 25 азаматы  сол ауылдың тұрғындары ішінен қамтылған. Бақылаушы топ құрылыс жұмыстарының өз жұмыс кестесіне сай уақытылы орындалып жатқанын көріп, келесі  Қостоған ауылындағы су жүйесі құрылысын бақылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында іске асырылып отыр-
ған жоба құны  330 391,53 теңге. Мердігер компания  «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС-і.  Жоба 15 мамыр айында басталып, 15 қараша айында аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы Қостоған ауылы бойынша 25,76 шақырым ауызсу құбыры тартылатын болады.  Мердігер компания Е.Кемелов осы жұмыстарға  50 пайыз ауыл тұрғындары арасынан жұмыспен қамтылатындығы туралы тілге тиек етті.

Жалпы биыл ауданда құны 6,1 миллиард теңге болатын 108 жоба жүзеге асырылатын болады. Ұзындығы 140 шақырымды құрайтын 147 көшені жөндеу, бір мектеп салу, төрт мектепке күрделі, үш мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, мәдениет және спорт, жарықтарындыру, елді мекендерге су құбырын тарту және газдандыру бойынша түрлі жобалар көзделген.

Ляззат Серікбай,

Еркін Жасыбаев,

«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.