
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару-бәрiмiзге ортақ міндет» деп айтқандай, бәріміз бір адамдай жұмыла әрекет етіп, Елбасымыздың сөзіне зер салып қолдасақ, пандемияны жеңіп шығу былай тұрсын, қайта өршуінiң алдын алып, жолатпай тастауға күшімiз жетерлік! Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, бiзде пандемияның өршуі баяу, әрі бұл ауруды жеңіп шығып жатқан науқастар саны күн санап өсіп жатыр. Бұл бәріміз үшін қуантарлық жайт. Осындай ел басына күн туып, адам өмірі мен денсаулығы кепілге алынған кезде, шет қарап қалмай, өз өмірлерін қатерге тігіп, пандемияның ошағында жүріп, көпшіліктің өмірін құтқарып қалып жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін елемеу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз атымнан және басқа да менімен ниеттес жандардың атынан, еліміздегі барша жүректері мейірімге толы дәрігерлерге ерекше алғысымды білдіремін! Барлық жұртшылыққа айтарым төтенше жағдайдың шарттарын орындап, үйде отырып қолдайық!
#Біз біргеміз!
Асқар Думан Сәкенұлы
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Меркi аудандық филиалының маманы.