
Меркі ауданының «Өркен» шығармашылық орталығы ұстаздары аудан тұрғындарына бетперде тігіп, көмек қолын созуда. Демеушілер мен аудан әкімдігінің қажетті заттарымен қамтамасыз етуімен бұл ұжым бүгінгі күнге 4 мың бетперде тігіп, дайындап қойған. Олар ауылдық округтердегі аз қамтылған, мұқтаж азаматтарға таратылатын болады. Жалпы Меркі ауданы бойынша 12 мың бетперде мұқтаж жандарға таратылып берілді. Бұл игі іс әлі ще жалғасын таппақ.