Барлық сала серпінді дамуда

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына қоғамда билік пен халықтың, әр түрлі саяси топтардың арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік қызмет көрсетуде ашық диалог пен кері байланысқа басты басымдық беріп отыр. Халықтың мұң-мұқтажына жедел назар аударып, азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдау – нағыз басшының құнды әрекеті деп білемін.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Президент өзі бастаған жолмен әлеуметтік желілерде жеке парақшамды ашып, халықпен етене бірге болып, тікелей байланыс орнатуды жөн көріп, жыл басынан бері көптеген мәселелер өз шешімін тапты. Сонымен қатар, осы әлеуметтік желі арқылы ауданда атқарылып жатқан келелі істер мен жағымды жаңалықтармен бөлісіп отырамыз. Өйткені 21 ғасырдағы бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын маңызы үлкен. Ақпараттың ағыны асау.
Жолдаудағы тапсырмаларды басты назарға ала отырып атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін берді. Ауданда 9 айдың қорытындысы жаман болған жоқ. Ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 19673,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,9 % құрады. Жалпы биыл Меркі ауданында 2000 гектар қызылша егілсе, соның 200 гектар дайын «Сыпатай батыр» серіктестігі егіп, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп, жоғары жетістікке жетіп, күн ашық, ауа райы келісіп тұрған мерзімде аяқтап, келер жылдың мол өнімінің негізін қалауда. Ағымдағы жылы аудан бойынша жаздық арпаның егу жоспары 23497 гектар, нақты егілгені 26368,1 гектар 112,2 %-ға, жоңышқаның жоспары 4300 гектар, нақты егілгені 5624,7 гектар 130,8%-ға, қант қызылшасының жоспары 2000 гектар, нақты егілгені 2000 гектар 100,0 %-ға, көкөністің жоспары 140 гектар, нақты егілгені 738,6 гектар 5,3 есе, картоптың жоспары 100 гектар, нақты егілгені 431,9 гектар 4,3 есе, бақшаның жоспары 90 гектар, нақты егілгені 393 гектар 4,3 есе, жүгерінің жоспары 471 гектар, нақты егілгені 1813 гектар 3,8 есе, майлы дақылдардың жоспары 2000 гектар, нақты егілгені 4555,6 гектар 2,3 есеге орындалды. Сонымен қатар 25684,7 гектар күздік бидай, 23201 гектар көп жылдық шөптер егілген.
2019 жылдың егін ору науқанына 52052 гектар түсіп 131173,2 тонна астық бастырылып орташа гектар қайтарымы 25,2 центнерді құрады. Атап айтқанда 25684 гектар күздік бидайдан 54705,5 тонна өнім жиналып, орташа гектар қайтарымы 21,3 центнерді құрады, 26368 гектар жаздық арпадан 76464,7 тонна өнім жиналып, орташа гектар қайтарымы 29,0 центнерді құрады.
Ауданда жылыжай салу жұмыстары да белсенді жүруде. Қазіргі уақытта 20-дан аса жылыжай жұмыс істеп тұрса, оның бірнешесі «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастаған жастар. Жалпы осы кәсіп түрі бойынша 0,1128 гектарға қызынақ, 0,8758 гектарға қияр, 0,025 гектарыға басқада көкөніс дақылдары егілді. Аталған жылыжай шаруашылықтарынан 18 тонна қызанақ, 103,5 тонна қияр өнімдері жиналып, нарық саудасына шығарылды.
Ауданның әлеуметтік жағдайын көтеруге септігін тигізетін тағы бір жаңалық, жаңашылдық – пилоттық жоба. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру, үй маңында табыс табу мақсатын көздеген пилоттық жобасы облыс көлемінде бастау алып, оны іске асыру бойынша жұмыстар қарқынды жүруде. Ауылдықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеріп, дамытудың маңызы зор. Сұрат ауылдық округінің тұрғындары да қосалқы шаруашылықтарын өндіріс пен табыс көзіне айналдыру үшін еңбектенуде. Облыс әкімі Асқар Исабекұлы осы ауылға арнайы келіп, тұрғындармен кездесіп, жобаның тиімділігін түсіндірген болатын. Меркіліктердің дайындаған жоспарын тыңдап, өзінің оң бағасын да берген еді. Енді жобаны іске асыру бойынша жұмыстарды қатаң бақылауға алып, тың жүргізілсе, керемет нәтиже берері анық.
Аталған округте қазіргі таңда жалпы 462 аулада барлығы 2830 халық тіршілік етуде. Оның 353-і жобаның бірінші бағыты бойынша қатысуға ниет білдірсе, мал басын арттырып, шаруасын домалатуға 234 отбасы қамданып отыр. Бұл жобалардың жалпы құны 650,600 мың теңгені құрамақ. Теңдессіз жоба іске асырылып, оң нәтижесін бергенде, ауданның, облыстың барлық тұрғыны жобаға атсалысуға белсенділік танытатыны сөзсіз.
Бүгінгі күнге аудан бойынша 13 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, жұмыс жасауда. Құрылған кооперативтердің барлық мүшелері 625. Сүт бағытында 6 (құрылтайшалар саны 231) ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Осы кооперативте жалпы сауын сиыр саны 1711 бас, 2019 жылдың қыркүйек айына дейін өңдірілген сүт көлемі 1668 тонна. Ет бағытында 4 (құрылтайшылар саны 237) ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. 2019 жылдың маусым айына кооперативтер 725,1 тонна өнім өндірді. Сонымен қатар, қой шаруашылығы бойынша 1, қант қызылшасы бойынша 1 кооператив құрылды. Мүшелер саны 8. Ет бағытындағы копперативтер мен «Меркі ет» комбинатының үлесімен есепті кезеңде 75,1 тонна қозы еті және 250,2 тонна МІҚ малының еті экспортталды. Ет бағытындағы жұмыстар белсенділік танытуымен қатар, ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында сатылып алынып жатқан мал басы да өсуде. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша МІҚ сатып алу жыл бойына жоспар 345 бас болса, нақты орындалғаны 294 бас немесе 85,3 пайыз. Жыл аяғына дейін 100 пайызға жетеді деп күтудеміз. Қой сатып алу жоспар 4870 бас болса, нақты алынғаны 5718 бас немесе 117,4 пайызды құрап отыр. Мал шаруашылығында ветеринариялық жұмыстар да өз деңгейінде жүргізілуде. Аудандағы «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 2019 жылға 163,6 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 117,8 млн. теңгесі игерілді.
Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен қой-ешкі малдарын тасымалдап, санитарлық союды ұйымдастыруға 2,0 млн. теңге бөлініп, 701,0 мың теңгесі игерілді. Санитарлық союдан өткен уақ малдарының егелеріне өтемақы төлеуге 6,0 млн теңге бөлініп, 2,9 млн. теңге игерілді. Өтемақысын төлеу жұмыстары жалғасуда.
Аудандық бюджеттен энзоотиялық ауруларына 2019 жылға 11,5 млн. теңге бөлініп, 8 млн. 509 мың теңге игерілді.
Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға 2019 жылға 3,0 млн. теңге бөлініп, есепті кезенде 3,0 млн. теңгесі игеріліп, 2058 бас ит ауланып, жойылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдың алуға арналған ветеринарлық іс-шараларға сәйкес профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жүргізілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік.
2019 жылдың 1 қазанына Меркі ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны 4901, оның 1646-ы шаруа немесе фермер қожалықтары, 3021-і жеке кәсіпкерлер, 234 шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар тіркелген.
Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Мерке ауданында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 1 млрд. 712,2 млн. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды және 38 жаңа жұмыс орындар ашылды.
1. «Орталық Азия Қант Компаниясы» ЖШС Меркі филиалының «Шырынды тазалайтын цехты қайта жанғырту» жобасы. Жоба 2016 жылы 06 ақпанда іске қосылды. Жоба құны — 698 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы -101 мың тонна өнім шығару. Жаңа 18 жұмыс орындары ашылды.
2. «Орталық Азия Қант Компаниясы» ЖШС Меркі филиалының «Қант зауытын қайта жаңарту» жобасы. Жобаның құны – 1014,2 млн. теңге. Жаңғыртылған зауыттың жылдық қуаттылығы – 140 мың тонна өнім шығару. Жаңа 20 жұмыс орындары ашылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша:
2019 жылы Бағдарлама аясында несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша Басқарма тарапынан жалпы сомасы 49,0 млн. теңгені құрайтын жобаларды іске асыру бекітілген. Бүгінгі таңға жалпы сомасы 192,7 млн. теңгені құрайтын 5 жоба Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банк тарапынан мақұлданды. Осыған байланысты бекітілген меже жыл қорытындысы бойынша артығымен орындалды.
Сонымен қатар жастар жылына орай «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қайтарымсыз мемлекеттік грант беру тетігі бойынша 18-29 жас аралығында өткізілген конкурсқа ауданнан жалпы сомасы 76,1 млн. теңгені құрайтын 27 жоба ұсынылды. Оның ішінде 10 жоба жеңімпаз атанып бизнес жоспарларын іске асыруда.
Аудан көлемінде жұмыс атқарып отырған «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы соммасы 3 млрд. 403,5 млн. теңгені құрайтын 5960 несие берген. Оның ішінде «Бизнес» бағдарламасы бойынша 1 млрд. 367,5 млн. теңгені құрайтын 1934 несие берілді. Ал «Меркі несие серіктестігі» ЖШС тарапынан 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 140 шаруа қожалығына 1 млрд 311,0 млн. теңге несие берілді.
Есепті кезеңде бөлшек сауда айналымының көлемі 5223,7 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне салыстырғанда 127,5 % құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 8003,6 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 127,2 % құрады.
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 4090,9 млн. теңгені, немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 167,0 % құрады.
2019 жылы 27224 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,6 % құрап отыр.
Аудан бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 178 шқ; — облыстық маңызы бары 70,5 шқ;- аудандық маңызы бар 95,9 шқ. Үстіміздегі жылы 95,9 шқ аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 77,1 шқ. немесе 80,4% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
2019 жылға аудандық маңызы бар Ойтал – Қызыл Кишлак 0-19 шқ автомобиль жолына орташа жөндеуге 197,4 млн. теңге қаражат қарастырылған, мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша мердігер «ЕрК Астана» ЖШС-і тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Андас батыр – Гранитогорск 12 шқ. оның ішінде 2018 жылға 239,7 млн. теңге игерілді 2019 жылға 49,9 млн. теңге 1,4 шқ. жолына қаражат қарастырылды және мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша мердігер «Жандос и К» ЖШС, бүгінгі таңға жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Аудандық мәндегі автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10,0 млн. теңге қарастырылған және толығымен жөндеу жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша мердігер «Жандос и К» ЖШС.
Аудан аумағындағы 14 ауылішілік көшелерінің 15,2 шқ. орташа жөндеу жұмыстарына 236,7 млн. теңге қаражат қарастырылған яғни Ақтоған а/о қарасты Жамбыл көшесі 0,6шқ., Жаңатоған а/о қарасты Мустафаев көшесі 1,2 шқ., Сарымолдаев а/о Қырғызбаев 1,4 шқ. және Садовая 1,92 шқ. көшелері, Сұрат а/о қарасты Молдабаева көшесі 0,77 шқ., Тәтті а/о қарасты Қорағаты көшесі 0,9 шқ., Ойтал а/о қарасты Революция көшесі 0,67 шқ., Андас батыр а/о Ленин көшесі 2,1 шқ., Жамбыл а/о қарасты Қабылов көшесі 0,6 шқ., Ақарал а/о қарасты Нуралиев көшесі 1,28 шқ., Рысқұлов а/о қарасты Ш.Төкешұлы көшесі 0,76 шқ., Меркі а/о қарасты Гайдара 1 шқ., Тутокин 1 шқ., Қажымұхан 1шқ. көшелерінің мердігері анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Ойтал ауылдық округіне қарасты Темір жол вокзалына кірме жолы 1,9 шақырымға облыстық және республикалық бюджетерінен 46,6 млн. теңге қаражат қарастырылды және мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша мердігер «Жандос и К» ЖШС-і тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Ауданда 44 елді мекен бар. Оның 30 орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген (14-і қамтамасыз етілмеген). Орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 68,2 %.
2018 жылы Сарымолдаев ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына 568,2 млн. теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Мердігер мекеме «KAZ Intel Group» ЖШС. 2019 жылға бюджеттен 444,4 млн. теңге бөлінді. Нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.
2019-2020 оқу жылында оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдармен қамтуға барлығы 212 млн. теңге қажеттілік нақтыланған, 4,9,10 сынып оқушыларына арналған барлығы 104204 дана оқулықтар жеткізу, қосымша «Өлкетану» хрестоматиясын алу жоспарланған, бүгінгі күні барлығы толық алынып, жоспар 100 пайызға орындалды.
Жаңа оқу жылына 73 комплект компьютер алу жоспарланған, тиісті келісім-шарт жасалған. Сондай-ақ, 3 жаңа модификациялы (химия, физика, биология) кабинеттері алынуда, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 22 млн. 743 мың теңге жұмсалуда, конкурстық шаралар жүруде. 170 комплект интерактивті құрал жабдықтар (компьютер, проектор және тақта) алу жоспарланған, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 85 млн. теңге жұмсалуда, конкурс жарияланған.
Жыл басында жалпы білім беретін мектептердің өрт автоматикасы дабыл жүйелеріне жыл сайынғы қызмет көрсету жұмыстарына аудандық бюджеттен 2260,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалылған. Ғимараттардың шатыр асты ағаш құрылымдарын өртке қарсы қоспамен өңдеуге 2200,0 мың теңге қарастырылып, тиісті келсім-шарт жасалған. Сондай-ақ, мекемелердің алғашқы өрт сөндіру құралдарымен белг іленген (ОП-5) тех.регламент талаптарына сәйкес жабдықтау үшін, 371 алғашқы өрт сөндіру құралдары қайта толтырылып, пайдалану мерзімдері ұзартылды. Барлық нысандарда найзағайдан қорғау құрылғысы орнатылып, тиісті қорытынды алынған.
2019-2020 оқу жылында аудан бойынша тиісті мектептері жоқ 6 ауылдық округтен 6 мектепке 338 оқушы тасымалданып оқытылады. Тасымалданатын арақашықтық 3-16 км құрайды. Балаларды мектепке тасымалдау үшін 7 автокөлік бекітілген.
Интернет желісіне 36 (100%) мектептің барлығы толығымен қосылған.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету мақсатында Аудан бойынша жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне 36 (100%) мектептің барлығы толығымен қосылған, оның ішінде сым желілері бойынша кең жолақты интернет 17 (47,3%) мектепте, 19 (52,7%) мектеп сымсыз Wi-FI желісмен, 4-10 мегобит/сек-тен жоғары жылдамдықта.
«Күнделік» жобасына 36 мектеп қосылған.
«Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталына 36 (100%) мектеп қосылған.
2018 жылы ауданда бір IT сыныбы ашылды, 2019 жылдың индикаторлық көрсеткішіне сәйкес тағы үш ІТ сынып ашылды.
20мектеп (55,5%) робототехника кабинетімен жабдықталған.
100% мектеп ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған.
641 оқу кабинетінің 557(86,8%) кабинеті компьютермен қамтамасыз етілді.
Балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу ақпараттық жүйесі 37 (100%) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізілді (edugarden.kz).
Мектептерде 1-сыныпқа қабылдау ақпараттық жүйесі 36 (100%) мектепке енгізілді (eduschool.kz.).
Педагогтарды жұмысқа қабылдауды басқару және ваканция кезегін автоматтандыру ақпараттық жүйесі 36 (100%) мектепке енгізілді
Ауданда 27 балабақша бар. Оның 16-сы мемлекеттік, 11- жекеменшік, 10 шағын орталықта 3787 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1 — 6 жас аралығында 97,6% (облыста – 87,4%), 3 — 6 жас аралығында 100 %-ды құрап отыр (облыста–90,2 %).
1-6 жас аралығында аудан бойынша кезекте тұрған балалар саны – 150. Соның ішінде: 3 — 6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 0. Яғни 150 бала бақшамен қамтылса, 100 пайыз көрсеткішке қол жеткіземіз.
2018-2019 оқу жылының ұлттық бірыңғай тестілеу 23 және 25 маусым күндері екі лекте өткізілді, аудан бойынша барлығы11 сыныпты аяқтаушы түлектер саны 696 болса соның 435 ҰБТ-ға қатысты. Оның 0-49 балға дейін алғандар саны 32, 50-100 балға дейін алғандар саны 130, 100 балдан жоғары алғандары 234 түлек, орташа бал көрсеткіші 98,18 пайызды құрап отыр.Биылғы жылы бітірген түлектердің 75 пайызы грантқа түскені білім саласының жетістігі деп санаймын.
Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Білімсіз күнің жоқ» дегендей сапалы білім алатын саналы ұрпақтарымыз көбейе берсін. Еліміз ама, жұртымыз тыныш болсын.
М.Өмірбек
Меркі ауданының әкімі