Мәдени ошақтар-халық үшін қызмет етеді

0
2209

Ауданымызда  42 мәдени ошақтары халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде,Мәдениет үйлері мен клуб мекемелері – 16 және 25 кітапхана жұмыс істейді.
Ауданда халықтық атағы бар 4 ұжым бар. Олар-«Меркі» халық театры, «Меркі әуендері» ән-би ансамблі, «Естелік» ардагерлер хоры, «Береке»  әжелер тобы.
 Бүгінгі күні кітап қорының жалпы саны  – 265 104 дананы (мемлекеттік тілде – 140208), құрайды., оқырмандар саны  — 12065.
Автоматтандыру бағытында ауданның барлық кітапханаларында «КАБИС» және «РАБИС» бағдарламалары орнатылған, интернет желісіне қосылған. «Рабис» бағдарламасы бойынша  дерекқорға енгізілді.
2019 жылдың басында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Тараз қаласы және аудан әкімдері арасында ауданның мәдениет саласын дамыту мақсатында 5 нысаналы индикаторлар тізбесі бекітілген болатын.Онда 2019 жылға облыс халқының мәдениет саласы қызметі сапасына қанағаттану деңгейін 62,5%-ға жеткізу көзделген. Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанына – 62,3%, орындалғаны – 62,3 %.
Атап айтқанда, есепті кезеңде аудан бойынша 435 іс-шара өткізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.  Жүргізілген талдаудың нәтижесінде ағымдағы жылдың ІІ тоқсанына аудан халқының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі 62,3%-ды құрап отыр.
Мәдениет  мекемелерінде ағымдағы күрделі, жөндеу жұмыстарын жүргізу көрсеткіші бойынша 2019 жылға 2 нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 2 нысанға да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар- аудандық мәдениет үйі – 200,0 мың теңге және Ақермен ауылдық клубы – 200,0 мың теңге көлемінде жөнделді.
Ауыл кітапханаларындағы коворкинг және цифрландырылған ақпараттық орталықтарда «cao-zhambyl» сайты арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті ақпараттар және egov.kz порталындағы қызмет түрлерін алуға мүмкіндік жасалған.
Цифрландырылған ақпараттық орталықтар жылдамдығы жоғары Интернет желісі арқылы түрлі ақпарат іздеу, құжаттарды басып шығару немесе ақпаратты сыртқы тасымал құралдарына сақтау, өз бетінше жұмыс жасау үшін компьютерлер ұсыну, құжаттарды электронды жеткізу қызметтерін ұсынып, сонымен бірге, мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік беретін электронды үкіметтің еgov.kz порталы арқылы 8 түрлі  қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, сайт арқылы ауданның барлық тұрғындарына кез келген сала бойынша күнделікті тұрмысқа қажетті қызмет түрлері көрсетіліп, қажетті ақпараттар беріледі.
 Орталықтарда 2500 анықтама беріліп, сайт арқылы 500-ден аса сұраныс қанағаттандырылды. Интернет жүйесін жылдамдығын көтеру бойынша облыстық «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» басқармасына өтінім  берілді.Орталық кітапханада ашылған
«Коворкинг» алаңы жергілікті тұрғындарға семинар, іскерлік кездесулер, шеберлік сыныптары мен түрлі кездесу кештерін және т.б.кеңестерді өткізуге арналған арнайы зонасын ұсынуға, жастарға шығармашылық жұмыспен шұғылдануға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері 3 республикалық және 5 облыстық байқаулар мен фестивальдар ұйымдастырылды.Оларға 31 қатысып, жалпы саны 70 үміткер қатысып бақ сынады.
Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту индикаторы бойынша есепті кезеңге  жергілікті бюджеттен бөлінген 108615,0 мың теңгеге аудан көлеміндегі мәдениет мекемелері қажетті құрылғылармен жабдықталып, материалдық-техникалық базасы жақсартылды.
Аудандық тарихи – өлкетану музейінде 11 көрме, 95 экскурсия  ұйымдастырылып, экспонаттар 13805, 9 лекция оқылды. Музейге келушілер саны 3145 адамды құрады.
Аудан бойынша бүгінгі күнге 73 ескерткіш мемлекеттік тарихи- мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген.

                                                      

                 

  Ж. Жантелиев,
аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің басшысы

Comments are closed.