Соңғы қоңырау мерекесі
№30 М.Жылгелдин атындағы орта мектепте де соңғы қоңырау ерекше көңіл-күйде, толғаныста әсерлі өтті. Мектеп бітіруші түлектер ұстаздарына, мектеп әкімшілігіне алғыстарын айтып, қимастықтарын өлең жолдарымен, сазды әнмен білдірді.
Осы күні мектепті бұдан 20 жыл бұрын бітіріп кеткен 1999 жылғы түлектері де соңғы қоңырау мерекесіне қатысып, ұстаздарымен қауышты. Олар өздерінің жомарттығын көрсетіп, Мыңқазан ауылына кіре беріске бір миллион теңгені құрайтын қаражатқа арка соғып, көптің алғысына бөленді. Арканың салтанатты ашылуына ауыл тұрғындары, ауыл кәриелері жиналып, ақ баталарын беріп, шексіз алғыстарын жаудырды. Сәні де, мәні де келісіп тұрған бұл арка ауыл көркін арттыра түсті. Ашылу рәсімінде ал қызыл лентаны Жанатоған ауылдық округінің әкімі Бейбіт Тәнекеев пен ауыл қариясы қиып, ыстық лебіздерін білдіріп, тәттіден шашу шашылды. 20 жылдыққа жиналған түлектерге ризашылықтарын білдіріп, осындай азаматтардың көп болуына тілектестіктерін білдірді.