Соңғы қоңырау мерекесі

0
846

Ауданымыздағы білім орындарында тағы бір оқу жылы аяқталды. 25 мамырда соңғы қоңырау салтанаты болып өтті.
Меркідегі Трубицын атындағы орта мектеп-гимназияда болған бұл іс-шара да осында білім алып жатқан шәкірттердің, биылғы жас түлектердің, ұстаздардың, салтанат қонақтарының есінде ұзақ қалмақ.
Осы қуанышқа арналған жиынды мектеп директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлжан Тілеубердиева ашып, мерекемен құттықтап, ауданымыздағы іргелі оқу орнында оқушылардың, ұлағатты ұстаздардың қол жеткізген жетістіктерін ортаға салды.
Салтанат үстінде аудан әкімі М.Өмірбек мектептегі ата-аналар қамқоршылық кеңесінің төрағасы М.Зарипов, ата-аналар, оқушылар сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.
Мектеп директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәншүк Әбдекова директорының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығын оқыды.
Мектепті биыл 88 оқушы бітіргелі отыр. Олар білім ошағына ән-жырналарын арнап, би билеп мереке мерейін көтере түсті.
Міне соңғы қоңырау да соғылып мереке қорытыланды. Бұл салтанат, бір оқу жылы аяқталғанымен шәкірттерді, жас түлектерді арман, үмітке толы жаңа жол, жаңа белестер күтіп тұр Қадамдарыңыз сәтті!

Б.Бектұрсынұлы
Е.Жасыбаев (сурет)
«Меркі Ақиқат»

 

    

                                                                                                                 

 

Comments are closed.