Жас мамандардың семинар-тренингі
№9 Меркі колледжінде жас мамандардың әдістемелік жетекшісінің ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жас маманның құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктері» тақырыбында жас мамандарға арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің мақсаты: колледж жас мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға жағдай жасау.
Семинарға 25 жас маман қатысты. Жас мамандардың әдістемелік жетекшісі Н.Абдуллаева семинар-тренингті ашып, жас мамандарға сұрақтар беріп, топтық жұмыстар жүргізді. Оқу өндірістік шебері Ж.Мадибаева «Теориялық білімді қалай игерту керек» тақырыбында өзінің іс тәжірибесімен бөлісті. Оқу өндірістік шебері Б.Тырнақбаев «Практикалық сабақта жаңа әдістерді қолдану тәсілдері» тақырыбында әдіс-тәсілдерді сабаққа тиімді пайдалану жолдарын айтыпөтті. Педагог-психолог А.Серікқызы «Жас келсе іске» психологиялық тренинг ұйымдастырды. Жас мамандардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату бойынша психологиялық кеңестер берілді. Семинар-тренинг қызықты өтіп, жас мамандар әдістемелік көмек алды.
Төребек Улжан,
№9 Меркі колледжінің ағылшын пәнінің
оқытушысы