«Кітап – сарқылмас қазына» тақырыбында экскурсия өтті

📖Экскурсияға кітапхана меңгерушісі. Б. Байдәулетова қатысып, кітапхана қорымен, ондағы көркем әдебиеттермен, балаларға арналған шығармалармен және түрлі танымдық кітаптармен таныстыратын болады. Сонымен қатар кітапхананы пайдалану тәртібі, кітапты күтіп ұстау және оқудың адам өміріндегі маңызы туралы кеңінен ақпарат беретін болады.
📖Шара барысында қатысушылар кітап әлеміне саяхат жасап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысады.
📖Кітап – адамзаттың рухани байлығы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Осындай экскурсиялар жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын оятып, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді.


















