Бар мейірім-балаға!
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 10 сәуір мен 15 сәуір арасында «Бар мейірім-балаға!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Мектептегі аз қамтылған және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына ата-аналар тарапынан көмек көрсетіліп, мектеп құралдары мен жылы киімдер үлестірілді. Мектебімізде жиі өткізілетін «Қамқорлық» акциясының аз қамтылған отбасы балаларына тигізер көмегі көп. Мұны біз аз қамтылған отбасы балаларының жүзі жарқын, өз қатарынан кем болмай, алаңсыз оқуына жасалған үлкен қамқорлық деп түсінеміз. Балалардың да мектепке, ұстаздарға деген сүйіспеншілігі де арта түсері сөзсіз. Қамқорлық аясында жүргізілген мейірімділік шараның өтуіне атсалысқан азаматтарға мектеп ұжымы атынан алғыс айтамыз.
Ф.Рахметова,
Иван Трубицын атындағы №17 ЖББМГ әлеуметтік педагог