САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР МЕН БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстанның төрағалығымен салықтық түсімдер және бюджет қаражатының игерілу барысы бойынша кеңес отырысы өтті.
Жиынға ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Кеңес барысында аудан бюджетіне түсетін салықтық түсімдердің орындалу деңгейі, кірістер жоспарының қамтамасыз етілуі және бөлінген қаржы қаражатының мақсатты әрі уақытылы игерілу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, қаржылық тәртіпті сақтау және жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, белгіленген жұмыстардың орындалуын бақылауда ұстау міндеттелді.


















