МЕРКІ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ – ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

0
6

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Театр – өмір айнасы» атты халық театрларының облыстық фестиваль-байқауына Меркі халық театры қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша театр актері Есімжан Әлімқұл «Үздік ер адам бейнесі» номинациясының жеңімпазы атанып, арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Театр ұжымын және жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! 

Comments are closed.