РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ

0
2

25 қазан – Республика күні қарсаңында М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернат ғимараты салтанатты түрде пайдалануға берілді.
⠀
1964 жылы салынған, көп жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген ғимарат толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды.
⠀
Салтанатты шараға Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов қатысып, жиналған қауымды Республика күнімен құттықтады. Аудан басшысы интернаттың жаңғыртылуы оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып, тәрбиеленуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.
⠀
Шара барысында оқушылар өнер көрсетіп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, көпшіліктің қуанышына ортақтасты.
⠀
Жаңартылған 40 орындық интернатта ұлдар мен қыздарға арналған жатын бөлмелер, кітапхана, асхана, демалыс және жуыну бөлмелері қарастырылған. Оқушылардың жайлы тұруына барлық қажетті жағдай жасалған.

Comments are closed.