«Онлайн-бәс пен ойын тәуелділігі» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Меркі ауылдық округіндегі Иван Трубицин атындағы №17 ЖОББМГ-де ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – жастарды онлайн-бәс пен құмар ойындардың теріс ықпалынан қорғау, тәуелділіктің адам өміріне, психологиялық жағдайына, оқуына және әлеуметтік ортасына әсерін түсіндіру.
🎙️ Кездесуге Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, психолог Тілеухан Бақдаулет Мамырханұлы спикер ретінде қатысты.
Спикер ойынға тәуелділіктің бір сәтте емес, біртіндеп қалыптасатынын атап өтіп, оның алдын алу жолдарына тоқталды.

















