ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АЙМАҚ! 🌿

0
5

«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Ақтоған ауылдық округіндегі «Дендро» саябағында күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында саябақ аумағында санитарлық тазалық жұмыстары атқарылып, қураған шөптер мен арамшөптер жұлынып, айналадағы қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, саябақ аумағын ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

🌱 Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы ауылымыздың көркеюіне өз үлесімізді қосайық!

Тазалықты бірге сақтайық! 🤝🍃

Comments are closed.