Ұстаздар күніне орай «Ұстаз еңбегі – ұрпаққа мәңгілік өнеге!» тақырыбында тағылымды акция өтті

✨Акция барысында: Меркі ауылдық округінде тұратын ардақты ұстаз Байбосынова Роза Жапарқызын кәсіби мерекесі – Ұстаздар күнімен арнайы барып құттықтадық. 🌷
Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып, саналы шәкірт тәрбиелеген аяулы ұстазға зор алғысымызды білдіреміз.
Ұстаздық жолыңызға береке, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! 🤍
✨Ұстаз еңбегі – ұрпаққа мәңгілік өнеге!🌿
















