Ұстаздар мерекесіне орай құрмет көрсетілді

0
6

Ұстаздар күніне орай №48 мектептің ұстаздары мен зейнеткер, ардагер ұстаздарға арнайы құрмет көрсетілді.

Ұлағатты ұстаздарға ізгі тілектер айтылып, еңбектеріне алғыс білдірілді. Мерекелік шара барысында шәкірттер ұстаздарына арнап хормен ән шырқап, әсем билерін тарту етті.

Ұстаз еңбегін ұлықтаған тағылымды кеш жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күйге ұласып, мерекелік әсер сыйлады.

Comments are closed.