ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстан аудан аумағында төтенше жағдайларды болдырмау жұмыстарының барысын бақылап, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.
⠀
Жұмыс барысында аудан әкімінің орынбасары Андас батыр өрт сөндіру бекетінің дайындығы зерделеп, сондай-ақ құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Кеңес-4 су бөгетінің қазіргі жағдайын көрді.
⠀
Сонымен қатар Гранитогор елді мекеніндегі санитарлық-тазалық жұмыстарының барысы тексерді.
⠀
Аталған нысандардағы жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуына назар аударылып, тиісті мекемелерге анықталған мәселелерді жою және жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.















