КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА “КҮНШУАҚ” МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
4

Кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек «Күншуақ» медициналық орталығына арнайы барып, ұжым мүшелерін Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.

Кездесу барысында ол адам денсаулығын сақтаудағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбегі әрдайым ерекше құрметке лайық екенін атап өтіп, ақ халатты абзал жандарға ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі мен қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар Мейірхан Өмірбек медициналық орталықтың жұмысымен танысып, ұжыммен пікір алмасты. Ол халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету жолында еңбек етіп жүрген мамандарға алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Comments are closed.