«МЕЙІРІМ-МЕРКІ» МЕДИЦИНАЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
4

Медицина қызметкерлері күніне орай аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек «Мейірім-Меркі» медициналық сауықтыру орталығына арнайы барып, ұжым мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кездесу барысында ол денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген мамандардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, тұрғындардың саулығын сақтауға қосып жүрген үлестері үшін ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді.

Салтанатты жиын барысында өз ісіне адалдық танытып, қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Медицина қызметкерлерінің адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы ерен еңбегі әрдайым құрмет пен қолдауға лайық.

Comments are closed.