Менің көркем – ауылым!

0
33

Сарымолдаев ауылдық клуб меңгерушісі Ж.Арынованың және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы С.Асадованың бірлесе ұйымдастыруымен №9 Меркі колледжінде Меркі елінен шыққан жерлесіміз ұлы революционер, белгілі қоғам қайраткері, халқымыздың аяулы азаматы Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдығына арналған «Дауылда туған дарын» атты еске алу кеші өтті.
Сарымолдаев Қабылбек — 1938.20.02 Жамбыл облысы Мерке ауданы Ойтал посёлкасында туған. Қазақстанның партия, совет қызметкері, «Әулиеата» Совет өкіметін орнатуға белсене қатысушы. 1918 жылдан Компартия мүшесі. 1915-1916 жылдары почта тасушы. 1917-1918 Әулиеатада партия, совет қызметтерінде істеді.
Меркі ауданында Сарымолдаев есімі ауылға берілген. Меркіде оның атында көше бар. Тараз қаласында оның атымен мектеп, көше аттары қойылған.
Кешке Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі С.Бабижанов, ауылдық округінің тұрғындары, №9 Меркі колледжінің білімгерлері және Сарымолдаев округінің көркемөнерпаздары қатысты.

С.Асадова,
Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы

Comments are closed.