Тыңғылықты дайындық, нәтижелі жұмыс кепілі

0
26

Осы жылдың 17 ақпаны күні Меркі аудандық сайлау комиссиясы, 2023 жылдағы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржыландыру және сайлауға дайындықтың өзге де мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске окургтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары түгелдей дерлік қатысты. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылқасымовтың төрағалығы мен өткен семинарда төмендегідей мәселелер ұсынылды:

  1. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссиялары мүшелерінің қашықтықтан тест тапсыруын ұйымдастыру туралы»;
  2. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы».
  3. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржыландыру мәселелері туралы»;
  4. «Сайлау алдындағы үгітті жүргізудің негізгі аспектілері туралы».
    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алған Ш.Абылқасымов алдағы сайлау науқанының саяси маңыздылыңын ескере отырып, сондай-ақ сайлау туралы жұртшылықты неғұрлым толық хабардар ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясының нұсқауымен сыртқы баннерлер әзірленіп, аудандағы елді мекендердің көрнекті жерлеріне орналастырылғанына тоқталды.
    Бұдан бөлек ҚР ОСК сайлаушылары арналған үндеулері және өзге ақпараттық-түсіндіру материалдар жергілікті БАҚ беттерінде және аудан әкімінің сайтындағы «Сайлау» парақшасына тұрақты түрде жарияланып отырғандығын атап өтті.
    Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Далиева 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парлменті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелері қашықтықтан оқыту және тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден өтуін ұйымдастыру және сайлау алдындағы үгітті жүргізудің негізгі аспектілері туралы баяндама жасады. Г.Далиева өз баяндамасында, еліміздің сайлау жүйесін жетілдіру сайлау комиссиясының әрбір мүшесінің кәсібилігі мен құзыретінің деңгейін әрдайым арттыру қажеттігіне тоқталды.
    Сайлау комиссиялары мүшелерінің ауысуы жаңа құрамдарды даярлауда үздіксіздікті талап етеді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес сайлау жүйесінің органдары сайлау процесінде қатысушыларды оқытуды ұйымдастыратындығын және тест өткізілетіндігіне түсіндерме берді.
    Меркі ауданы әкімі аппаратының қаржы шаруашлық бөлімшесінің бас инспекторы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселесі бойынша алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын түсіндірді.
    Семинарда көптеген сұрақтар қойылып, оларға нақты түсініктемелер берілді. Атап айтқанда әр сайлау учаскесінде бес бюллетеннен болатыны, олар партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына түсетін партиялар бюллетені, сол сияқты Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттар, бюллетені, сонымен қатар облыстық мәслихатқа тізіммен түсетін партияларға, өзін-өзі ұсынған облыстық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер бюллетендері.
    Сонымен Мәжіліс депутаттығына жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер арасындағы саяси дода басталып та кетті.
    «Меркі Ақиқат»

Comments are closed.