Бірінші кезекте адам денсаулығы
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында еліміздің әр азаматының өмірі, тұрмыстық жағдайы мен денсаулығы аса маңызды болып саналатынын үнемі қатаң айтып өтуде. Осы орайда адамдардың медициналық мекемелерде ем алуын жеңілдету, жұмсайтын уақытын азайту мақсатында бұл саланы цифрландыру жүргізіліп, халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бғдарламасы енгізілді. «Бірінші байлық- денсаулық»- демекші ауданымызың денсаулық сақтау саласының қызметі жаңа сарынмен жұмыс жасап, кезең-кезеңімен даму үдерісінде. Оған себеп орталық емхананың заманауи медициналық жабдықтармен, құрал саймандармен жабдықталуы. Осы нөміріміздегі мақала -Ақ халатты абзал жандардың күнделікті еңбектері туралы болып бүгінгі таңда адам өмірін сақтап, ауру салдарын емдеуде қызметтерін көрсететін Сарымолдаев ауылдық дәрігерлік емханасы мен қызметкерлері туралы өрбімек. Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылының тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін Сарымолдаев дәрігерлік емханасы 1999 жылы құрылған . Дәрігерлік емханада 44 адам қызмет етеді . 7 дәрігер, медбике 3, әлеуметтік қызметкерлер 2, 1 психолог маманы, 4 кіші медициналық қызметкерлер еңбек етеді. Емханаға 9200 адам тіркелген .Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 200 бала, кәмелетке толмағандар саны 3265 ересек қауым. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп 2012 жылы жаңа дәрігерлік емхана Омарходжаев көшесінің бойынан соғылып пайдалануға берілді. Сарымолдаев дәрігерлік емханасы 2012 жылдың мамыр айынан бастап, жаңа ғимаратта халыққа қызмет ете бастады. Емхана жұмысы жандана келе жаңа жұмыс орындары ашыла бастады. 2021 Праймари Хелт Кейр Ұлттық Ассоцияциясының қолдауымен жаңа әлеуметтік –медициналық қызмет көрсету моделіне көшті. Ондағы басты мақсат халықпен тығыз қарым- қатынас жасай отырып алғашқы медициналық көмек көрсету және аурудың алдын алу мақсатында скрингтік бақылаулар жүргізу, ана мен баланың денсаулығы үшін, репродуктивті жастағы жастар денсаулығын бақылау, баланы 5 жасқа дейін патронаждық бақылау жобаларын жүзеге асыру. Ауруды өздігінен басқару жобасы бойынша артериялық қан қысымы гипертензия, қант диабеті, жүрек созылмалы ауруы диагноздарымен диспансерлік бақылаудағы пациенттерді үнемі қадағалап 3 ай сайын лабораториялық зерттеу жүргізіп денсаулықтарын зерделеп отырады. Бағдарламаға қатысушы пациенттер дәрігермен бірлесе отырып, дерттен айығу жолдарын қарастырады. Жаңа модель бойынша қызмет көрсету командалық топпен жүргізіледі. Командалық топтың құрамына: дәрігер, медбике, әлеуметтік қызыметкер, психолог кіреді. Шиеленіскен жағдайлар емхана меңгерушісіне және ведомствоаралық кеңесте айтылып, кеңінен шешімі табады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды қоғам мүшесі болып сезінуі үшін, барлық жағдайлар жасалуда. Аудандағы қоғамдық орындарда пандустар орнатылып, зағип жандар үшін Брайль шрифтімен нысана атаулары, жұмыс кестелері жазылды. Емхананың кіре берісінде мекеме қызметкерлерін көмекке шақыру үшін қоңырау тетіктері орнатылды. Сарымолдаев дәрігерлік емханасының меңгерушісі Г.А.Оспанова 2009 жылдан бері осы ұйымның басшысы қызметін атқаруда. Өз еңбек жолын терапевт дәрігері болып бастаған, осы саладағы ерен еңбегі еленіп үнемі ауыл тұрғындарының алғысы мен ақ батасын алуда. Денсаулық сақтау саласының бірқатар «Алғыс Хаттарымен», «Құрмет Грамоталарымен» марапатталған. Сарымолдаев дәрігерлік емханасы 2021 жылы Үздік тәжірибелер орталығы атағына ие болды. Қазіргі таңда қарамағына 5 дәрігерлік емхана, 3 ФАП, 3 МП кіреді. Атап айтсақ: Сарымолдаев, Ойтал, Мыхан, Тәтті Интерноциональный ДА, Екпінді, Ойтал, Т.Рыскулов және Ақ жол, Беларық Қарасу медициналық пункттері. Ауруды болдырмау мақсатында, отбасының әлеуметтік жағдайынан бастап, медициналық және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетіледі. «Жаны саудың – тәні сау» демекші, адам баласының жан дүниесімен үйлесетін тән саулығын қадағалау тұрақты жүзеге асырылып келеді.
Ақ халатты абзал жандар өздерінің берген гиппократ анттарына адал қызмет етуде.
Бейбіт Бекі,
Сарымолдаев ауылы