Жастарға жолдау бағыттары түсіндірілді

0
80

Аудандық мәслихат депутаты Н.Айдарбек Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауының маңыздылығы бойынша жастармен дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында, ең алдымен халқымыз 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдаған болатын. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Сонымен қатар, жастармен дөңгелек үстел барысында жолдаудағы үшінші бағдарға ерекше тоқталып өтті. Жастарды қолдау үшін Мемлекет басшысы келесі жылы жұмыссыздық санын азайту мақсатында 100 мың жасты жұмысқа орналастыру қажет екенін және жас кәсіпкерлерді қолдау үшін жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін атап айтты. Жалпы бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына әресін тигізетін болады.
Жиын соңында, жастардың тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды.

«AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалы

Comments are closed.