Аудандық «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осындай маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын аттады.
25 қазан — Республика күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Осы мерекеге орай жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру; халқын сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында аудан мектептері арасында «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.
Байқауға ауданымыздың №2, 4, 5, 6, 8, 11, 13, 14, 17, 19, 20, 22, 23, 30, 48 жалпы орта білім беретін мектептер мен М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің өнерпаздары қатысып, Отан, туған жер, туған ел туралы әсем әндерін тарту етті.
Байқауда үміткерлердің орындаушылық шеберлігі, кәсіби сүйемелдеуге көңіл бөлуі, әнді жанды дауыспен орындауы, сахна мәдениеті мен киім үлгісі, ән айту мәнері мен дауыс ырғағының талапқа сай болуы бағаланды.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орын иеленген өнерпаздарымыз «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.
Ә.Боранқұлова,
журналист, штатан тыс тілші