ХАЛҚЫ АРДАҚТАҒАН ҚАЛАМГЕРЛЕР

0
107

Биыл көркемсөздің хас шеберлері, қазақ әдебиетіндегі орны ерекше жазушылар Ғабит Мүсіреповтың туғанына – 120 жыл, Әзілхан Нұршайықовтың туғанына –100 жыл және Дулат Исабековтың туғанына 80 жыл толды.

Айтулы мерейтойларға орай, Т.Рысқұлов ауылдық мәдениет үйінде «Халқы ардақтаған қаламгерлер» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби шараны Т.Рысқұлов, Ойтал, Гранитогор, Талдыбұлақ, Ақтоған, Тұрлыбай батыр ауылдарының және әскери бөлімнің кітапханашылары ұйымдастырды.
Әдеби кеште кітапханашылар Ғ.Мүсіреповтың, Ә.Нұршайықовтың және Д.Исабековтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгімеледі. Жазушылардың шоқтығы биік шығармаларын дәріптеп, романдар желісінен сахналық көріністер орындалды. Жазушыларға арнаған өлеңдерін оқып, олардың шығармаларында қазақ халқының салт-дәстүрі мен тыныс-тіршілігі көрініс тауып, адалдық, махаббат сияқты асыл сезімдердің жырланғаны жайында айтты.
Сондай-ақ, әдеби кеште №28 ЖББМ-нің 6-сынып оқушылары мың бұралған биімен өнер көрсетсе, бүлдіршіндер ән салып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, кеш барысында көрермендермен жазушылардың өмірі және еңбек жолы, шығармалары жайында сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, дұрыс жауап берген көрермендерге сыйлақтар тарту етілді.
Кеш соңында іс-шараға белсене қатысып, ұйымдастыруға атсалысқан кітапханашылар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.