2022 жылғы 7 қазанда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы семинар-кеңес өткізді

0
25

2022 жылғы 07 қазанда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Аталған семинар-кеңеске аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары және қала/аудан әкімдері аппаратының бас есепшілері қатысты.
Семинар-кеңесте келесі мәселелер қаралды:

  1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын қаржыландыру мәселелері туралы;
  2. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ақпараттандыру жұмыстары туралы;
  3. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және ҚР Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру жұмыстары туралы;
  4. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы;
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша:
    Жамбыл облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы-бас есепшісі Г.Ә.Дәуренова баяндама жасады.
    2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын түсіндірді.
    Сындарлы диалог барысында қатысушылар бюджетті іске асыру және атқару бойынша сұрақтарға жауап алды.
    Екінші мәселе бойынша облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Қабылбекқызы Мәдиева «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ақпараттандыру жұмыстары» бойынша баяндама жасады.
    Алдағы сайлау науқанының саяси маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ сайлау туралы жұртшылықты неғұрлым толық хабардар ету мақсатында ҚР ОСК ақпараттық-түсіндіру бейне және аудиороликтері әзірленді. Осыған байланысты Облыстық сайлау комиссиясы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып әзірлеген аудио-бейне роликтерді жетекші өңірлік телевизиялық және радиоарналардың эфирінде, қоғамдық орындарда орнатылған демонстрациялық экрандарда орналастырды.
    Бүгінгі күні Ортсайлаукомның сыртқы баннерлерінің эскиздеріне сәйкес облыс бойынша 250 дана ақпараттық баннерлер әзірленіп, облыстағы елдімекендердің көрнекті жерлеріне орналастыру жұмыстары жүруде.
    Сол сияқты, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Салқанұлы Жамалов ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және ҚР Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру жұмыстары» бойынша сөз сөйледі.
    ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс, қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, саяси мемлекеттік қызметші лауазымындағы адам болмауға тиіс. Сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәліктер береді.
    Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылатын қолдардың қажетті саны Қазақстан Республикасы сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы мөлшерінде белгіленген.
    Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы баяндама жасады.
    Нақты сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін:
    1) оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі.
    2) азаматтардың сайлаушылар тиісті тізімдеріне енгізу жөнінде өздерінің жергілікті атқарушы органға жазбаша өтінішпен жүгінуі негіз болып табылады.
    Азаматтардың келген жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтініштері тиісті әкімдіктерге а.ж. 20 қазанға дейінгі мерзімде, яғни дауыс беру күнінен бір ай бұрын ұсынылуы тиіс.

Comments are closed.