Білімді ұрпақ – ел болашағы

0
68

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән берліледі деген сөз. «Балалар – мемлекетіміздің болашағының кепілі. Сол себепті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін», – деді ҚР Президенті өз жолдауында: «Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың елеулі» тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Кез келген халық ұрпақ тәрбиесін – ұлттың тағдыры, болашағы деп біледі. – Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын, -деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Балалар жылы жарияланғаннан бері біздің мектебіміздің кітапханашылары мен сынып жетекшілері бірқатар іргелі іс-шараларды өткізді.
Балалар жылына орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында 2022-2023 оқу жылында, яғни жазғы лагерь уақытында «Кітап -сарқылмас байлық» атты кітап көрмесі және «Кітапты ашыңыз, кереметті көресіз!» виртуалды көрме ұйымдастырылды тағы басқа іс-шаралар алдағы жаңа оқу жылының жоспарында тұр. Мұның барлығы дерлік мектеп кітапханашылары мен сынып жетекшілердің жүйелі жұмыс жасау нәтижесі деп ойлаймын.
«2022 – Балалар жылына» байланысты жазғы уақытта оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан құрылған жазғы лагерьде «Менің сүйікті кітаптарым» атты балаларға арналған кітап көрмесі ашылады. Балаларға арналған бұл кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады: балаларға арналған классик жазушылардың кітаптары; балалардың ауыз әдебиетіне байланысты, қазақ ертегілері, қазақ ауыз әдебиеті, батырлар жырлары және тағы да басқалар. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Баланы кітап оқуға баулудың жолдары» атты ақыл-кеңес беретін видеоролик дайындалып, ата-аналарға жолданды. Сонымен қатар биыл “Бір ел – бір кітап ” республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуға толық жүз пайыз қолдау көрсетілді.
«Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім» екенін ұмытпаған абзал. «Балалар жылында» және жаңа оқу жылында мектеп кітапханасы өз оқырмандарын асыға күтеді.

Ержан Тұңғышбекұлы,
№1 ЖОББМГ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Comments are closed.