Партиялық бақылау жүргізілді
«АМАNAT» партиясы Меркі аудандық филиалының «Әлеуметтік мәселелер жөніндегі» қоғамдық кеңесі «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жетімді орта қалыптастыру мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Партияның Меркі аудандық филиалының атқарушы хатшысы К.Шағатаева, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Д.Арыстанбек, «Әлеуметтік мәселелер» жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Г.Мұратова мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө-лімінің қызметкерлері «Jusan» және «Halyk bank» ғимараттарында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар бойынша бірқатар ескертулер мен банк басшылығына құрылыс жұмыстарының аяқталу уақытына дейін пандустардың сапалы болуын қатаң қадағалауға алуы туралы ескерту жасап, нақты тапсырма берді.
«АМАNAT“ партиясы Меркі аудандық филиалы