«Айналайын“ байқауы өтті

0
43

Меркі аудандық білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында Балалар жылына орай, «Айналайын» ән-би байқауы өтті. Балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және сахналық мәдениетке тәрбиелеу мақсатымен тәрбиелік мәні бар іс-шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Ортаға Ара киімін киген, жүргізуші-тәрбиеші Елдана Науханова шығып, бүгінгі байқаудың барысымен таныстырды. Балабақшаның балалары түрлі өнерлерін ортаға салды. Дизайнер дайындаған түрлі костюмдерді киген бүлдіршіндер музыка ырғағымен тербеле сахнаға бірінен кейін бірі шыға бастады. «Құлпынай» тобының бүлдіршіндері «Гүлдер» биімен, байқау шымылдығын ашты. «Бүлдірген» тобының жас әншілері Жекебай Нұрдария мен Жалғас Адина «Мамочка моя милая» әнін орындап берді. Ары қарай, «Түймедақ» тобының қыздары «Шығыс» биін тарту етті. Берікханова Сара мен Ербосын Нұрила «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін айтып берсе, «Жауқазын» тобының өнерпаздары «Ара» биін биледі. «Алтын сақа » тобының жігіттері. «Мен қазақпын » биін билеп берді. Сәрсенбай Аружан мен Нурымова Жания әсем әнін тамылжыта тарту етсе, «Бәйтерек» тобының әншісі Ерсайын Айша «Жау жаңбыр» әнін орындады. «Жұлдыз» тобының триосы «Біз бақытты баламыз» әнін әдемі орындады. Бұдан соң «Қарақат» тобының қыздары «Қуыршақтар» биін биледі. Байқау соңында әнші, биші балапандар арнайы дайындалған дипломдармен марапатталды.

Ә.Боранқұлова
журналист, «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы

Comments are closed.