«Құрбан айт» мейрамы құтты болсын!
Құрметті бауырлар! Шынайы жүрегіммен Сіздерді Ұлық болған Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын. Алла Тағала өзінің жаратқандарына рақымды, мейірімді, сақтаушы, қорғаушы. Кез-келген нәрсе Алланың қалауымен болады және орындалады. Әлемнің түпкіріне таралған жұқпалы індет, қасірет, елімізді айналып өткен жоқ. Бірақ біздер мұсылмандар жарылқау жақсылықты тек бір бүкіл әлемді жаратқан Жаратушы Жаббар Иеміз Алла Тағаладан ғана жарылқау тілейміз.
Алла Тағала мұсылман жұртына нәсіп еткен бұл мейрамда мұсылмандар жуынып, таза да жаңа киімін киіп, хош иісті әтірін сеуіп, мешітке айт намазына келеді. Өйткені, бұл – мереке күні. Мейрамның нышаны сезіліп тұруы тиіс. Айт намазын оқып болғаннан кейін бір-бірін мүбәрак мерекемен құттықтап, құшақ жайып, өкпе-реніші болса кешіріп, бауырмалдылықпен қауышады. Сондай-ақ, мейрамның аты айтып тұрғандай, Алланың разылығы үшін жүрегі ізгі жандар құрбандық малдарын сойып, оны тұрмысы төмен отбасыларға таратады. Адамзат баласы Жаратқан Иемізге мұқтажбыз, көпшілік қоғам болып осы қасіреттен еліміздің амандығын тілейік. Қиналып, сырқаттанып жүрген бауырларымызға Алла Тағала жәрдем, сырқаттарына шипа берсін.
Алла Тағала барша мұсылман қауымының бұл күндері шалған құрбандықтарын қабылдыққа жазып, атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріне сауаптан жазғай!
Құрбан айт құтты болғай. Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Жаратқан Иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін!
Азамат Абдразахов,
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы