Кәсіподақтардың оқыту семинары
Меркі ауданы білім бөлі-мінің қосымша білім беру мекемесі Оқушылар «Үміт» сарайында сәуір айының басында «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ұйымдастыруымен «Еңбек даулары және оларды шешудегі келісу комиссияларының рөлі. Еңбек дауларын сотқа дейін қарау тәжірибесі» тақырыбында көшпелі семинар болып өтті.
Семинарды Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Е.С.Мағзымбеков Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасының орынбасары – құқықтық қызмет басшысы Б.Ә.Баймағамбетов Жергілікті кәсіподақтардың құқықтық және кадр қызметінің бас маманы Ә.И.Джолшибекова облыстық «Еңбекші» газетінің редакторы Б.Бекназаров, Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева Меркі аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрайымы М.Болысбекқызы қатысты.
«Кәсіподақтарды оқыту семинарына түске дейін білім ұйымдарындағы келісу комиссия мүшелері қатысты және түстен кейін мекеме басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының төрайым, төрағалары үшін ары қарай жалғасын тапты. Семинарда Жергілікті кәсіподақтардың жарғылық міндеттерін орындау жағдайына кіріспе оқылып, мәмілегерліктің тиімділігі, еңбек даулары, келісу комиссиясының қызметінің құқықтық негіздері, келісу комиссиясын құру мен жұмыс тәртібі туралы, іс құжаттарын рәсімдеу мен жүргізу тәжірибесі, сол сияқты жекелеген еңбек дауларын сотқа дейінгі шешудің тиімділігі, еңбек туралы және салалық заңнаманы, әлеуметтік әріптестік актілерін қолданудың бірқатар сұрақтары, сұрақ-жауап сағаты өткізілді.
Семинар соңында практикум жүргізіліп, қатысқан келісу комиссия мүшелеріне сертификат тапсырылды
Ә.Боранқұлова,
«Таңшолпан“ бөбекжай-бақшасы, Оқушылар»Үміт» сарайының қосымша білім беру педагогы